Абайдың ғылыми дүниетанымы
2025 жылғы 14 ақпан күні Еуразия гуманитарлық институты, кітапхана оқу залында филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Негимовпен кездесу ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында «Абайдың ғылыми дүниетанымы» тақырыбында шығармашылығын ғылыми тұрғыда зерттеу, насихат мәселелері қарастырылып, дәріс оқылды.
Шараға институттың ректоры Нығыманова Н.Т., ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ахметов Қ.Ә., академиялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор Зағатова С.Б., қатысып, кафедра оқытушыларымен қатар қазақ тілі және қазақ әдебиеті мамандығынын студенттері қызығушылық танытып, кітапхана қорындағы басылымдарына библиографиялық шолу жасалды.
Оқырмандардың назарына «Шешендік өнер», «Абай ғибратнамасы», «Ақын-жыраулар поэзиясы», «Таным мен пайым», «Қазақ өлеңдерінің көркемдігі», «Филологиялық деректану зерттеулер», «Путь к себе: поэтические традиции Абая» монографиясы, ұсынылған басылымдар маңыздылығымен Абайтану саласына жаңа серпін берді.