«АБАЙТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ»

Ақпан айының 12 күні Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайтану ғылымы және Қайым Мұхамедханов атты дөңгелек үстел болып өтті.

Жиын барысында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қорынан ғалымның ғылыми еңбектері мен Қайым Мұхамедхановтың мұрағаттық қорынан фото-құжаттық көрме ұйымдастырылды.

Ғалым өзінің ғылыми-зерттеушілік қызметінің алғашқы күндерінен бастап Абай және оның ізбасарлары туралы материалдарды жинап, Абай мектебі ақындарының 30-дан астам есімдерін қалпына келтірді. Абайдың ізбасарлары туралы өмірі мен шығармашылығы туралы текстологиялық талдау жасап, ғылыми-шығармашылық өмірбаяндар жазды.

Қайым Мұхамедханов – Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері.

Іс-шараға институтымыздың 5В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері мен қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова мен аға оқытушы А.Е. Әлімбаев қатысты.

http://nabrk.kz/

https://www.facebook.com/nabrk.kz/