Абант Иззет Байсал атындағы Болу университетімен бірлескен білім беру бағдарламасы

Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестіруші А.Т. Сандыбаева, шетел тілдері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, доцент Г.У. Аренова және доцент Л.У. Алипбекова 2023 жылғы 24-30 сәуір аралығында «Шетел тілі: екі шетел тілі» бірлескен білім беру бағдарламасына қол қою үшін Түркиядағы Абант Иззет Байсал атындағы Болу университетіне барды. Осы бағдарлама шеңберінде екі жоғары оқу орнының ПОҚ-тың академиялық ұтқырлығы мен өзара ынтымақтастығы жүзеге асырылатын болады.  Оқытушылар А.Т. Сандыбаева, Г.У. Аренова және Л.У. Алипбекова сондай-ақ, «Innovative technologies in teaching a foreign language» тақырыбы бойынша тағылымдамадан өтті.