«АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ӨТТІ

2023 жылдың 19 қыркүйегінде А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.м., А.Қ. Нұрбанова «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы ҚТ-21-01 тобының студенттеріне  «Адалдық сағаты» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты жастардың бойында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Жастарды адалдыққа, әділдікке, парасаттылық пен отансүйгіштікке шақыру.

Кураторлық сағатта студенттерге адалдықтың негізгі қағидалары талқыланды. Кураторлық сағатта студенттер өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.