«Адами капитал – Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2020 жылдың 27 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтының экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы студенттерінің ғылыми клубы жоспарға сәйкес профессор М.Ы. Жүкібайдың 80 жылдық мерейтойына арналған «Адами капитал – Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының ұжымы Жүкібай Марат Ыбырайхамұлын мерейтойымен құттықтап, мерейтой иесіне зор денсаулық, ғылыми-педагогикалық қызметте шығармашылық кәсіби табыс, амандық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
ZOOM платформасында онлайн режимде өткен дөңгелек үстел жұмысына «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша білім беретін экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының профессорлар- оқытушылар құрамы, «Қаржыгер» СҒК-нің мүшелері мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дан шақырылған студенттер, магистранттар қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Г.Д. Тажбенова болды.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында келесі баяндамалар оқылды:
- «Ішкі мемлекеттік аудит органдарының сараптамалық-талдау қызметі». – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Мемлекеттік аудит» мамандығының магистранты Усенова Э.Ж. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.д., профессор Сембиева Л.М.
- «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылармен салық және төлемдер жүйесін дамыту мәселелері». – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Мемлекеттік аудит» мамандығының студенті Буртебаева А.А. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.д., профессор Сембиева Л.М.
- «Қазақстан республикасының адами капиталының дамуы». Еуразия гуманитарлық институты «Қаржы» мамандығының 1 курс студенті – Токова А.А. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Жүкібай М.Ы.
- «Сандық экономикада адами капиталды жүзеге асыру» – Еуразия гуманитарлық институты «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті Сейдихан А.Р. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Дәулетханова Ж.Д.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында адам капиталын дамытудың өзекті мәселелеріне қызығушылықтың жоғары деңгейі, ішкі аудит органдарының сараптамалық қызметін жүргізу әдіснамасын жетілдіру қажеттілігі, қазіргі заман жағдайында Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылардан салық және төлемдер жүйесін дамыту және т.б. мәселелер қарастырылды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар осы іс-шара туралы, алдағы уақытта «Қаржыгер» студенттік ғылыми клубының платформасында мемлекет экономикасының дамуының проблемалық мәселелерін талқылау бойынша отырыстарды өткізу қажеттілігі туралы және алыс, жақын
шетелдердің әртүрлі жоғары оқу орындары студенттерінің кең ауқымын тарту үшін онлайн мүмкіндіктері туралы ортақ пікір білдірілді. Мысалы, баяндамашы Буртебаева Аружан академиялық ұтқырлық аясында білім алып жатқан Варшава қаласынан (Польша) дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Осындай ғылыми семинар, конференцияларды өткізу білім алушылардың ғылыми бағытын таңдауға ықпал етудің бір түрі болып табылады, ал студенттердің ізденіс және зерттеу қызметі болашақ қаржыгердің ғылыми қызметінің бастауы екені сөзсіз.