«Адами капитал – Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумы

Бүгін «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумы жұмысын бастады, оның аясында «Қазақстанның ғылымы және жоғары білімі: қайта құру нүктелері» форсайт-сессиясы форматында университеттер мен ҒЗИ жұмысындағы ағымдағы мәселелер, оларды еңсеру жолдары және жоғары білім мен ғылымды дамытудың келешегі бар бағыттары талқыланды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз сөзінде ғылым мен жоғары білімнің даму мәселелері мен келешегін атап өтті.

Орталық Азия білім беру хабын қалыптастыру, ғылымды коммерцияландыру және қаржыландыру, жоғары білім беру бағдарламаларын үндестіру, ҚР өңірлік және салалық экономикасының гранттары мен құрылымы және т.б. мәселелері талқыланған ЖОО ректорлары мен ҒЗИ директорлары кірген тақырыптық топтардың жұмысы қызықты және нәтижелі болды. Біз әріптестерімізбен бірге тиімді корпоративтік басқаруды дамыту мәселелері талқыланған ЖОО мен ҒЗИ-дағы Корпоративтік басқару сессиясына қатыстық. Форсайт-сессия бағдарламасы қызықты және мазмұнды болды. Сындарлы пікір алмасу бейресми жағдайда өтті.

Ректордың м.а. Исмаилов А.Ж.