агенттігімен бірге «Университетті басқару контексінде академиялық адалдық саясаты» тақырыбында телекөпір өткізілді

2017 жылдың 18 наурызында ҚАЗМЗУ-нде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге «Университетті басқару контексінде академиялық адалдық саясаты» тақырыбында телекөпір өткізілді.

Телекөпір жұмысына мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының 2, 3-ші курс студенттері қатысты. Бейнеконференция арқылы діни істер мен азаматтық қоғам, білім және ғылым жөніндегі министрлер өкілдерінің, Қазақстан Жастары конгресінің, Қазақстан студенттері альянсының, Қазақстан ЖОО-дары ректорларының, спортшылардың қатысулары қамтамасыз етілді.

Іс-шараның мақсаты жоғары білім беру жүйесінде, сонымен бірге Қазақстан жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін, адалдық, әдептілік секілді қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.