«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ – 2022» атты студенттер мен магистранттардың республикалық ғылыми конференциясы
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ – 2022» атты студенттер мен магистранттардың республикалық ғылыми конференциясы бойынша ақпарат.
Еуразия гуманитарлық институты 2022 ж. 14 сәуірде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2022» атты студенттер мен магистранттардың республикалық ғылыми конференциясын өткізеді.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияның мақсаты – ғылыми зерттеулер категориясының тұтас және бір мезгілде құрылымдық идеясын қалыптастыру және Қазақстан қалалары мен көршілес елдердің әртүрлі университеттерінің студенттері арасында ғылыми байланысты ұйымдастыру.
Конференция келесі секция бағытында жұмыс жасады:
- Педагогика және психология.
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология.
- Қазақ және орыс филологиясы.
- Шетел филологиясы және аударма ісі.
- Құқықтану.
- Қазіргі экономиканың қаржылық аспектілері.
Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласының көптеген оқу орындарының (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана халықаралық университеті, ЕАГИ жоғары колледжі және т.б.), сонымен қатар Қостанайдан (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті) студенттері мен магистранттары қатысты. Семей (ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ), Шымкент (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті), Қарағанды (А.Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), Көкшетау (А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті), сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары. Жалпы 150-дан астам өтініш және баяндама тіркелді.
Қорытынды пленарлық отырыста жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне арналған жағдайларды жетілдіру, ғылыми кеңістікті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының студенттері мен магистранттарының ғылыми әлеуетін одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар қабылданды. Конференция қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылардың ғылыми баяндамаларының тезистер жинағын шығару жоспарлануда.