«Ахмет Байтұрсынов – адамзат пен білімнің жанашыры» атты кураторлық сағат

2022 жылдың 18 ақпанында куратор Г.А. Канафина ЮР-21-01 академиялық тобының («Құқықтану» білім беру бағдарламасы) студенттері үшін А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынов – адамзат пен білімнің жанашыры» атты кураторлық сағат өткізді. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Г.А. Қанафина Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл өмірі қазақтардың өзін-өзі билеуіне, мәдениетін, білімі мен ғылымын дамытуға, өзіндік халық шығармашылығы мен ұлт рухын сақтауға деген жалынды қамқорлықпен ұштасқанын атап өтті.