Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған кураторлық сағат

2022 жылдың 2 наурызында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының кураторлары доцент Б.Б. Мажитова және аға оқытушы А.Ж. Тажигулова Ф-19-01, Қ-19-01 («Қаржы» білім беру бағдарламасы) академиялық топтарының студенттері үшін Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты -қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және өз Отаны мен халқына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызметімен таныстыру, оқушылардың тарихи ой-өрісін кеңейту болып табылады.