«AI in Education» конференциясы
2025 жылғы 31 мамырда шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сарсенова Haileybury Astana халықаралық мектебінің базасында өткен «AI in Education» білім берудегі жасанды интеллектті цифрлық дағдылар және этикалық қолдану жөніндегі конференцияға қатысты. Конференция аясында Alpha-ның жаңа буынын оқытуға, ЖИ-ді қолданудың этикалық аспектілеріне, оқу орындарында ЖИ-ді практикалық қолдануға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.