Аида Сармолдаева
Ұстаздық – бұл әлемдегі ұлы және ең құрметті мамандық. Өйткені ұрпақ тәрбиесі – адамзат өркениетінің басты құндылығы. Бүгінде гуманитарлық саласына білікті маман дайындау күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Болашақ педагог мамандарды дайындауда жоғары оқу орындарының алдына қойылатын талап та өте күшті. Өз іргетасын 1995 жылы қалаған оқу орындарыңыз еліміздің осы Астана өңіріне ғана емес, бүкіл қазақ даласына білім нұрын төккен ағартушы оқу орындарының бірі деп санаймыз. Алдағы уақыттарда алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз мол болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы жолындағы жауапты қызметтеріңізге мол табыс тілейміз!
Аида Сармолдаева
Қазақ өнер университеті
тәрбие ісі жөніндегі бөлімінің орынбасары