Қайроллаева Зумрат
Қайроллаева Зумрат – ForeignLanguagesParty «Ең әсерлі би номинациясының иегері», «Наурыз той» фольклорлық шығармашылықтың қалалық фестивалінің «Музыкалды хореография» номинациясының 2 дәрежелі дипломының, «ЕАГИ-2014 аруы» конкурсында «Мисс Комильфо» номинациясы дипломының, «Жастар жалыны-2015» қалалық конкурсында «Фотоконкурс» номинациясы бойынша 3 дәрежелі дипломның иегері. Іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін мынадай құрмет грамоталарымен марапатталған: «Халықаралық аударма күні», «Наурыз-2013», «Волшебный мир слова» әдеби-музыкалды композициясында; алғыс хаттармен: цирктің дю Солей іс-шараларында ерікті ретінде, 2013, 2014 жылғы Қала күндерінде, 2011 жылғы қарттар күнінде, «История на льду» Ильи Авербухтың мұз айдынындағы қойылымында, 2013 жылы Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері арасында би конкурсын, «ЕАГИ Сұлтаны мен Сұлуы – 2015» ән конкурсын, 2016 жылы «Биле! Биле!» жобасындағы би конкурсын ұйымдастырып, өткізуге ат салысқаны үшін, «Студенттік отряд» жұмыс үдерісіне жауапкершілікпен қатысқаны үшін марапатталды. 2012 жылы «Ағылшын тілі» пәнінен ғылым негіздері бойынша VIII Халықаралық Олимпиада финалының жоғарғы лигасына, 2013 жылы «Ағылшын тілі» пәнінен ғылым негіздері бойынша IX Халықаралық Олимпиада финалының жоғарғы лигасына қатысқаны үшін 2 дәрежелі дипломмен, «Устойчивое развитие комитетов по делам молодежи: практика и перспективы» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысқаны үшін сертификатпен марапатталған.