Академик Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Зерек бала» ғылыми-әдістемелік үйірмесінің отырысы

2024 жылдың 11 сәуірінде педагогика кафедрасында аға оқытушы А. Окайдың жетекшілігімен академик Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Зерек бала» ғылыми-әдістемелік үйірмесінің отырысы өтті. Іс-шараға 1-курс студенттері (БО-23-01, ППК 23-01, МД-23-01 академиялық топтары) қатысты. Интерактивті форматта өткен отырыста студенттер көрнекті қазақстандық ғалымның өмірі мен қызметі туралы баяндамалар ұсынды.