Академиялық ұтқырлық

Еуразия гуманитарлық институты мен Туркия Республикасындағы Токат Газиосманпаша университеті арасындағы меморандум бойынша Еуразия гуманитарлық институтының Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестірушісі, ф.ғ.м., аға оқытушы Айгүл Талғатқызы Сандыбаева мен қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Лаура Ноғайбекқызы Дәуренбекова аталған университетте академиялық ұтқырлық әрі ғылыми тағылымдама жұмыстарын бастады.