Академиялық ұтқырлық

Ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының магистрі А.Г. Кожахметова ағымдағы жылдың 6-25 қараша аралығында «Esil» университетінде «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Ақша несие және банктер» пәні бойынша 2 кредит (ECTS) көлемінде дәріс оқыды. Дәрістің мақсаты студенттерге Ұлттық банкі, оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтерінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы, Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдарының ерекшелігімен таныстыру, ақпарат беру. Студенттер дәрісті оқуда белсенділік танытып, сұрақтарды талқылауға қатысты.