Академиялық ұтқырлық
2025 жылдың 12 ақпанында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты мен Өскемен қаласының Қазақстан-Американдық еркін университеті арасындағы өзара серіктестік туралы меморандум шеңберінде аға оқытушы Тургумбаева Нұрсұлу Қайырдықызы «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКАСЫ: құрылым және қолданыс» тақырыбында семинар-сабақ өткізді. Н.К. Тургумбаева кері байланыс орнату мақсатымен қоса, болашақ тіл үйретуші педагог болатын студенттерге интербелсенді әдісті меңгертуді де көздей отырып, алынған теориялық материалды «семантикалық аукцион» ойыны арқылы бекітті. ҚАЕУ аға оқытушысы Н.К. Тургумбаеваға ЕАГИ ректоры Н.Т. Ныгыманова атынан екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестік қатынасты дамытқаны үшін, оқытушылар арасындағы академиялық ұтқырлықты ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Алғыс хат табысталды. Екі оқу ордасы арасындағы серіктестік байланыстар ары қарай да дами түседі деген үміттеміз!