Академиялық ұтқырлық аясында шетелдік ғалымның студенттермен кездесуі

Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс мәселелері жөніндегі үйлестіруші, филология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Сандыбаева Айгүл Талғатқызының ұйымдастыруымен шетелдік ғалым, Болу университетінің профессоры, PhD Энвер Капаған мырза академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Болу университетіне көктемгі семестрде біздің ЖОО-ның атынан баратын студенттермен кездесіп, қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.