Академиялық ұтқырлық шеңберіндегі онлайн дәріс

Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетімен екіжақты ынтымақтастық туралы шарт және академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде белгілі лингвист-ғалым, филология ғылымдарының докторы, университеттің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Б.И. Нұрдәулетова 2023 жылғы 9 наурыздан 13 сәуірге дейін А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне арналған «Когнитивтік лингвистика» пәні бойынша онлайн-дәрістер оқиды.