Академиялық ұтқырлық аясындағы ынтымақтастық

Академиялық ұтқырлық шеңберінде «Тұран-Астана» университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім шарт негізінде ф.ғ.к., әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер кафедрасының доценті Б.К. Ахмедина ИЯК-18-03, ИЯК-18-04 топтарында француз тілінен практикалық сабақ өткізді.

Оқытушы студенттердің назарын «Futur Simple» тақырыбы бойынша грамматикалық жаттығуларды, тестілерді орындау, осы тақырып бойынша презентацияларды қарау арқылы грамматикалық материалды қайталауға және бекітуге аударды. Студенттер тапсырмаларды орындауға белсенді қатысып, грамматикалық материалды жақсы білетіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ, оқытушы Б.К. Ахмедина Абай шығармашылығына арналған әдеби сағат өткізді. Қазақ, орыс және француз тілдеріндегі Абай өлеңдері мен әндерінің үзінділері қолданылған презентация көрсетілді, Қазақстанның түрлі қалаларындағы Абай ескерткіштерінің фотосуреттері, Семейдің көрікті жерлері, Абайдың ұлдарымен суреттері көрсетілді. Сабақ мазмұнды және қызықты, танымды болды.

Тұран-Астана университетінің оқытушысы Еуразия гуманитарлық институтының шетел тілдері кафедрасының үшінші курс студенттерінің француз тілін екінші шетел тілі ретінде меңгеруінің жоғары деңгейін атап өтті.