Академиялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор
филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері
С. Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдері факультетін бітірген. Ғылыми мектепті М. Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік шетел тілдері институтында өтті. Оқытушылық қызметін Ақмола университетінде аға оқытушы, доцент, аударма кафедрасының меңгерушісі болып бастады. 1995 жылдан 2000 жылға дейін – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің шетел тілдері факультетінің деканы.
С.Б. Загатова роман филологиясы, лингводидактика, аударма теориясы мен практикасы мәселелері бойынша 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.
2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында жұмыс істейді: шетел тілдері кафедрасының профессоры, декан, академиялық мәселелер және аккредиттеу жөніндегі департаменттің директоры, академиялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор.
С.Б. Загатова академиялық қызметті, білім беру бағдарламаларын жаңғырту мен жақсартуды, институттың ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды үйлестіреді, білім беру бағдарламаларын лицензиялау, ЖОО-ны институционалдық және білім беру аккредиттеу рәсімдеріне жетекшілік етеді.
Табысты ғылыми және педагогикалық еңбегі үшін С.Б. Загатова ҚР БҒМ-нің «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен, ҚР ЖОО қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы алтын медалімен марапатталды,