Акбаев Нұрболат

Акбаев Нұрболат («Тарих» мамандығы, 2-курс студенті): Мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Тарих» мамандығы бойынша бір семестрге оқуға бардым. Бұрыннан Алматы жастар қаласы деп саналатын, шынымен де, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастармен таныстым. Қазақ зиялылары ізін қалдырған тарихи қала Алматының мұражайлары мен көрнекі орындарын тамашаладым. Мен үшін академиялық ұтқырлық бойынша білім алу – жаңашылдыққа аяқ басу деген сөз.