Аккредиттеуден табысты өтумен құттықтау!

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің Аккредитациялық кеңесінің 2016 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен Еуразия гуманитарлық институты институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден 5 жыл мерзімге өткен болып танылды.

Еуропалық стандарттар және сапаны қамтамасыздандыруға арналған нұсқаулықтарға (ESG) сәйкес келесі білім беру бағдарламалары аккредиттелінді:

  • 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»
  • 5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі»
  • 5В020700 – «Аударма ісі»

Еуразия гуманитарлық институты оқытушылары мен студенттерін лайықты жетістіктерімен, біздің бірлескен қызметіміздің жоғары бағалануымен құттықтаймыз!

Аккредиттеуге дайындық барысында көрсетілген адал еңбекпен, іске деген жауапкершілікпен қарау маңызды кезеңнің табысты аяқталуына кепіл болды. Аккредиттеу сараптамасына даярлық кезінде қажетті білім, ең бастысы, тәртіп пен жоғары жауапкершілікті көрсеткен біздің студенттерімізді мақтаныш етеміз!

Профессорлар-оқытушылар құрамына, барлық ұжым мен студенттерге кәсіби және оқу қызметінде жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

Еуразия гуманитарлық институтының басшылығы