«ҚАЛҒАНША ЖАРТЫ ЖАҢҚАМ МЕН СЕНІКІ»

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Міржақып Дулатұлының 135 жылдығына арналған «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі» атты онлайн дөңгелек үстелге қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Л.Н.Дәуренбекова мен п.ғ.м., аға оқытушы А.Е.Алимбаев қатысты.