Алғыс айту күніне арналған кураторлық сағат

2024 жылғы 29 ақпанда заң пәндері кафедрасының кураторы, аға оқытушы Г.А. Канафина ЮР-21-01 академиялық тобының студенттері үшін (3 курс, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы) Алғыс айту күніне арналған кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағатта «Алғыс айту күні Қазақстан тарихына құрмет ретінде»; «Елбасының мерекені құрудағы идеялық рөлі»; «Қазақстан халқы Ассамблеясы – көпұлтты қоғамның өркендеуінің негізі»; «Депортацияланған халықтардың қазіргі әлеуметтік саясатты қалыптастырудағы рөлі» сияқты мәселелер талқыланды.

Кураторлық сағаттың соңында студенттер еліміздің жас ұрпағын патриоттық тәрбиелеуде, сондай-ақ Қазақстанда тұратын этностардың мәдениеті мен тарихына құрмет пен төзімділікке тәрбиелеуде осындай іс-шаралардың маңызды рөлін атап өтті.