Алғыс хат

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып отырған 4 курс студенттері Рақымберлі Парасат, Бәшіров Нұрбол, Сәлменова Жадыра, Ергалиева Мадина 2017 жылдың қаңтар айының тоғызы мен наурыз айының он сегізі аралығында № 40 орта мектепте тәжірибеден өту барысында берілген тапсырмаларға шығармашылық тұрғыдан қарай отырып, өз білімдерін жоғары деңгейде керсете алды. Соның нәтижесінде білімді, ұстанымы бар, қоғамдық өмірге белсене араласатын студенттер даярлау барысында атқарып жатқан еңбектері үшін Еуразия гуманитарлық институтының ректоры академик А.Қ. Құсайынов және қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Н.М. Қоқышева Астана қаласының Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің педагогикалық ұжымының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.