АЛАШ АРЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ

Қарашаның 11 күні қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Қайратқызы Ахметованың ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Кемеңгер Қайырбек Ризабекұлы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттеріне «Алаш арыстары және олардың әдеби мұрасы» тақырыбында дәріс оқыды.