Алаш идеясы және рухани кемелділік

 

Ә.Бөкейханның 150, «Алаш» үкіметінің 100 жылдық мерейтойларының аталып өтілуіне байланысты «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тарих», «Педагогика-психология», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары студенттері мен қазақ және орыс филологиясы, педагогика кафедраларының оқытушыларына 2017 жылдың сәуір айының 12-26 аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұлов «Алаш идеясы және рухани кемелділік», «Қазіргі Алаштанудың кейбір мәселелері», «Алаш қайраткерлерінің көркем әдебиеттегі бейнесі», «Әлихан Бөкейханның естеліктердегі тұлғасы» тақырыптары аясында дәріс оқыды.