АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: САБАҚТАСТЫҚ ПЕН ЖАЛҒАСТЫҚ

ҚР Ұлттық мұрағатының мәжіліс залында Алаштың 100 жылдығына арналған “Алаш мұраты және рухани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық” атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Шара барысында Алаштың 100 жылдығына арналған ғылыми жинақ ұсынылды.

Дөңгелек үстел жұмысына институтымыздың қазақ және орыс филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы С.Б. Жұмағұл, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б. Шормақова, ғылым магистрлері, аға оқытушылар А.Т. Сандыбаева мен А.Е. Алимбаев қатысты.