Алаш мұраты және Тәуелсіздік құндылығы
2016 жылдың 10 қарашасында Астана қаласының Ұлттық музейінде Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік құндылығы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына Астана қаласының зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар, мәжіліс депутаттары қатысты. Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының атынан педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы С.Ж.Омарова қатысып, С.Қасқабасов, Д.Қамзабекұлы, Ш.Құрманбайұлы сынды ғалымдардың Әлихан Бөкейхановтың өмірі, шығармашылығы туралы баяндамаларын тыңдады.