АЛАШ қозғалысы: басталуы, тұтастығы және қатысқандар

27 наурыз 2025 жылы А.Қ.Құсайынұлы атындағы Еуразия гуманитарлық институты кітапхана қабырғасында белгілі ғалым-тарихшы, филология ғылымдарының кандидаты Тілешов Ербол Ерденбекұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кешті тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ білім академиясының мүшесі, Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ахметов Қадір Әбілжанұлы жүргізді. Тыңдаушылар қазақ тілі және әдебиеті, педагогика және тарих мамандығының студенттері.

Дәріс сағатында Алаш әдебиетіне қатысты мақалалардың авторы, «Алаш қайраткерлері» библиографиялық көрсеткіші, «Алаш және Әуезов», «Сүреткер және көркемдік әдіс» монографиясы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев шығармашылығы туралы әңгіме қозғап, «Алаш қозғалысы» , «Қазақ сөзі», «Тіл болашағы –жас ұрпақта» сынды еңбектерін тарту етті.

Студенттер сұрақтарына тұшымды жауап алып, кітапхана қорындағы басылымдарға қызығушылық танытты.