АЛАШ ӘСКЕРІ: ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ

Үстіміздегі жылдың 7 ақпан күні Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми академиялық кітапханада тарихшы ғалым, қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлының «Алашорданың әскери құрылымы (1917-1920 жж.) атты кітаптың тұсаукесер рәсіміне орай «Алаш әскері: тарихтан тағылым» тақырыбындағы семинарға Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасынан ф.ғ.к., доцент А.Е. Абдрахманова, п.ғ.к., доцент А.Б. Шормақова, ғылым магистрлері А.Т. Сандыбаева мен А.Е. Алимбаевтар қатысып, сертификаттарға иеленді.