АЛАШОРДАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

«Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нəр алмаса, ол адасуға бастайды»
Н.Ә.Назарбаев

Астанадағы ЭКСПО Конгресс орталығында Алашорданың 100 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алқалы жиынға танымал қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, Қазақстанның барлық өңірлерінен және алыс-жақын шет елдерден келген алаштанушы ғалымдар мен тарихшылар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері және Институтымыздың қазақ және орыс филология кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы С.Б. Жұмағұлов, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б. Шормақова және педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы А.Е. Әлімбаев қатысты.

Елбасының тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Алашорданың ғасырлық мерейтойына орай жыл басынан бері еліміздің барлық аймақтарында өткізілген түрлі деңгейдегі іс-шаралардың ең ауқымдысы.

Конференция Пленарлық мәжіліс отырысынан басталып, «1917 жылғы Ресей төңкерістері және Алашорда», «Алашорда саяси тұғырнамасының жаңашыл идеялары: дамуы мен іске асуы» атты секциялық басқосуларға ұласты. Онда ғалымдар тарапынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи мұраттар сабақтастығын зерделеніп, Алаш қозғалысы мүшелерінің азаттық жолындағы күресі мен ұлттық бірегейлік жолындағы еңбектері талқыланды.