Қалышбекова Нұрай

Қалышбекова Нұрай («Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 2-курс студенті): Мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қаламыздағы беделді оқу орындарының бірі Тұран-Астана Университетінде бір семестр бойы білім алдым. Студенттер мен оқытушылар үшін бұл бағдарлама таптырмас мүмкіндік деп білемін. Себебі академиялық ұтқырлық – студенттік өмірде мүмкіндіктер мен қадамдарды жіберіп алмауға, араласатын дос табуға, білім нәрімен сусындауға, ең бастысы, ЖОО арасындағы ынтымақтастықты арттыруға үлес қосатын бағдарлама. Мен үшін академиялық ұтқырлық бойынша білім алу – өз күшімді сынау, кез келген білім алаңында білімімді дәлелдей білу.