«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешеніне бару
Ағымдағы жылдың 5 мамырында азаматтық-патриоттық тәрбие беру мақсатында шетел тілдері кафедрасының кураторлары «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешеніне сапар ұйымдастырды. «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 1-2 курс студенттері (ПД-22-01, ИЯ-22-01, АI-21-01, АIТ-21-01, ИЯТ-22-01, ПДТ-22-01 академиялық топтары) экспозицияларға қатысты сталиндік режим құрбандарына арналған, сондай-ақ осы қайғылы оқиғалардың куәсі болған фильмді тамашалады.