«Амангелді Иманов және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция

2023 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Амангелді Иманов және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияда т.ғ.д., профессор З.Е.Кабылдинов, т.ғ.д., ҰҒА академигі Х.М.Абжанов, А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ педагогика кафедрасының профессорлары С.А.Ескалиев, К.С.Ускенбаев және басқа да ғалымдар баяндама жасады. Конференцияға біздің ЖОО-ның «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері де қатысты.