Ана – тіршілік тірегі
2021 жылдың 4 наурызында «Асыл қазына» ғылыми-әдістемелік үйірмесі ПМНОк-18-01 тобының студенттерімен “8 наурыз Халықаралық әйелдер” күніне орай «Ана – тіршілік тірегі» атты мерекелік іс-шарасын жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Бұл іс-шара Аналардың қоғамдағы рөлін айқындап, өлеңдер, әндер арқылы ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, студенттерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйретуді көздеді.
Білім алушылар “8 наурыз Халықаралық әйелдер” мерекесіне орай ғұламалардың ана туралы жазған өлеңдерін, ғибратты сөздерін оқып, ой саларлықтай тәрбиелік мәні бар бейнеролик тамашалап, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара «Әйел – Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы» деген нақыл сөзбен қорытындыланды.