Ардагерлер кеңесі әйелдеріне арналған 8 наурызға арналған мерекелік концерт

2022 жылғы 4 наурызда Еуразия гуманитарлық институтының жастар ісі жөніндегі комитеті мен студенттік Парламенті, Сарыарқа ауданының еңбек ардагерлері – «Шаңырақ» ансамблі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара өткізді.

Осы көктемгі күні Сарыарқа ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Кенжеболат Сапарұлы Бапишев пен ЕАГИ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, п.ғ.к., профессор Ярослава Николаевна Оспанованың аузынан мерекемен құттықтау сөздері айтылып, денсаулық, бейбітшілік пен амандық тіледі.

Залда отырған қонақтар студенттердің домбырада, қобызда және гитарада орындаған музыкалық шығармаларын, флейтаның жан тебіренісін қошеметпен қарсы алды. Концерттің қатысушылары – «Шаңырақ» ансамблі сүйікті халық әндерін орындады. Ана туралы әндер мен өлеңдер, сондай-ақ студенттердің театрландырылған қойылымы ешкімді бей-жай қалдырмады. Жарқын костюмдер мен әсерлі нөмірлер ұмытылмас әсер қалдырды.