«Армысың Наурыз!» мерекесі

2024 жылдың 19 наурызында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының оқытушылары мен «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері «Армысың Наурыз!» мерекесін ұйымдастырды және өткізді. Студенттер «Сырға Салу» қазақ дәстүрін көрсете отырып, театрландырылған қойылым дайындады.

Мерекеге қатысқан декан Т.Н. Кемайкина және кәсіби тәжірибе мен мансап үйлестірушісі А.Т. Оспанова барлығын көктемнің басталуымен құттықтап, бейбітшілік, жақсылық, амандық тіледі. Іс-шара музыкалық нөмірлермен аяқталды.