Қарттарға арналған пансионаттағы қайырымдылық акциясы

2024 жылдың 21 сәуірінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының еріктілер орталығы Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-мен бірлесіп қарттарға арналған пансионатта қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияның мақсаты: Жеңіс Күні қарсаңында қарт адамдарға көңіл бөлу және эмоция беру. ЖОО еріктілері қазақ және орыс тілдерінде музыкалық нөмірлер орындады, өлеңдер оқыды, үй қояндарының қатысуымен анимал-терапия жүргізді. Бұл күн жақсы естеліктер қалдырды және қоғамдағы қарым-қатынас пен өзара қолдаудың маңыздылығын көрсете отырып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтты.