«Қарттар – халық қазынасы» қайырымдылық кездесуі
2025 жылдың 24 қыркүйегінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты «6В01205 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы БО-25-01 тобының 1 курс студенттері Қарттар үйіне барып, қарияларды «Қарттар мерекесімен» құттықтап, тұрмыстық көмек көрсетті, мейрім мен жылулық сыйлады.
Шара «Қарттар – халық қазынасы» қайырымдылық кездесуі аясында өтті. Мақсаты – жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік пен үлкенге құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарын дәріптеу.
Студенттер көп көрген қарияларымыздың өнегелі әңгімесін тыңдап, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Бұл бастама ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастардың адамгершілік құндылықтарын дамытуға ықпал етті.



