«Қаржы» білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған ашық дәріс сабағы

2021 жылдың 24 қыркүйегінде экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ж. Д. Даулетханова «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру» пәні бойынша ашық дәріс сабағын өткізді. Сабақ «Қаржы» білім беру бағдарламасының төртінші курс студенттеріне өткізілді. Оқу жоспарына сәйкес «Қазақстанның қаржы институттары және олардың инвестициялық процестерді кеңейтудегі рөлі» тақырыбы таңдалды. Сабақтың негізгі мақсаты – инвестициялық процестерді дамыту бойынша Қазақстанның қаржы институттарының қызметін қарастыру. Сабаққа экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Г.Д. Тәжбенова, доцент А.С. Оспанова, доцент Б.Б. Мажитова, магистр Б.А. Баймамыров қатысты.

Оқытушы аудиториямен байланысын шебер көрсетті. Материал презентациялар мен бейнематериалдарды қолдана отырып, қисынды түрде түсінікті және қызықты түрде ұсынылды. Студенттер талқыланған тақырыпқа қызығушылық танытты, ғылыми диалог, пікір алмасу ұйымдастырылды. Сабақ соңында дәріс қорытындыланды.