«Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған бағдар беру апталығы

2022 жылдың 1-6 қыркүйек аралығында «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері үшін бағдар беру апталығы өтті, оның аясында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті, э.ғ.м. Б. Мажитова Ф-22-01 тобының студенттері үшін Академиялық адалдық кодексімен және кредиттік технология бойынша оқыту ерекшеліктерімен таныстыру бойынша кураторлық сағат өткізді.

Кафедра меңгерушісі, оқытушылары және бірінші курс студенттері кездесу барысында өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.