«Қаржы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне арналған таныстырылым апталығы туралы

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 7 қыркүйегі аралығында «Қаржы» білім беру бағдарламасының эдвайзерлері – экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті, э.ғ.м. Б. Мажитова, аға оқытушы, э.ғ.м. Ж. Даулетханова Ф-21-01, Қ-21-01 академиялық топтарының кураторларымен (кураторлар А. Ж. Тажигулова, А. Г. Кожахметова) бірлесіп, бірінші курс студенттерін оқытудың аралас форматы жағдайында оқу үдерісіне бейімдеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.

Кураторлар студенттерді ЕАГИ студентінің Академиялық адалдық кодексімен және кредиттік технология бойынша оқытудың негізгі қағидалары мен қағидаттарымен таныстырды. Іс-шараға қатысушыларға санитарлық-эпидемиологиялық режим регламентін сақтау қажеттілігі туралы ақпарат берілді.

Студенттер үшін онлайн-конференция ұйымдастырылды, оның барысында эдвайзерлер негізгі траекториялар, міндетті және элективті пәндер туралы ақпарат ұсынды.

Тұсаукесер апталығы аясында бірінші курс студенттері өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.