«Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған қонақ дәрісі

2022 жылғы 20 қазанда «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері үшін «Jusan Bank» АҚ сату жөніндегі директоры Н.Н. Сматовтың қатысуымен «Екінші деңгейдегі қазақстандық банктердің ШОБ-ты кредиттеуі» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті кредиттеу нарығының даму жағдайын талқылады. Спикер шағын және орта кәсіпкерлікті банктік кредиттеудің тиімділігін арттырудың, кредиттеудің инвестициялық процесін дамытудың негізгі проблемаларына тоқталды.

Тақырып студенттердің қызығушылығын тудырды, талқыланатын мәселе аясында өзекті сұрақтар қойылды.