«Қаржыгер» ғылыми студенттік клубының тұсаукесері

Еуразия гуманитарлық институтында жыл сайын 6 қазанда «Қаржыгер» ғылыми студенттік клубының тұсаукесері өтеді.

Клубтың қатысушылары жұмыстың ерекшелігін, мақсаттарын, міндеттерін және алдағы іс-шаралар туралы айтты. Барлық студенттерді қазіргі ғылымның мәселелеріне қызығушылық танытып, оқу және ғылыми қызметті табысты түрде байланыстыруға шақырды.

«Қаржыгер» клубының тұсаукесеріне қатысқан «Қаржы» мамандығының студенттері оның қызметіне қызығушылық танытты, сондықтан клуб мүшелерінің қатары жаңа белсенділермен толығатынына сенімдіміз.