Қаржыгерлер апталығы

ЭжМП кафедрасы «Ұлттық валюта күні» мерекесіне арналған «Қаржыгерлер апталығын» ұйымдастырды. Апталық аясында 13.11.19ж. кафедра оқытушылары мен студенттері ҚР Ұлттық банк музейіне барып, «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында дәріс тыңдады.

14.11.19ж. өткізілген дөңгелек үстелде «Wall Street invest Partners» консалтингтік компаниясының аға қаржы менеджері Кабышев Т.Е. «Әлемдік экономика рецессиясы» тақырыбында Қазақстан экономикасының әлемдік экономикамен байланысы туралы қонақ дәрісін өткізді.

Дәріс аяғында студенттер арасында сұрақ-жауап викторинасы өткізіліп, жеңімпаз студенттерге  Овсейчик Д., Жанбаев Е., Сейдихан А, Ералиева А.  «Wall Street invest Partners» консалтингтік компаниясы өткізетін семинарға қатысу сертификаттары тапсырылды.

Апталық соңында қабырға газеттері байқауының нәтижесі шығарылып Фк-17-01, Ф-18-01, Ф-19-01 топтары марапатталды.