Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасында қаржыгер күні

2023 жылғы 16 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және кәсіпкерлік негіздері пәні бойынша экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.м. Кожахметова А.Г. «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері (ШТ-23-02, ШТ-23-03 академиялық топтары) «Кәсіпкердің құралы – ақша» тақырыбында ашық машықтану өткізді. Машықтану дебат түрінде өткізілді, әр студент өз ойын анық жеткізіп, белсенділік танытты.