Ашық есік күні

Ағымдағы жылдың 2 наурызында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында елорда колледждері мен мектептерінің түлектері үшін Ашық есік күні өтті. Бұл күні болашақ талапкерлер біздің ЖОО-да оқу мүмкіндіктері мен болашағы туралы білуге мүмкіндік алды. Институт бойынша экскурсия жасай отырып, оқушылар ұсынылған білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың артықшылықтарымен танысты және «Қызыл жебе» шағын спектаклі, «Педагог – бұл мақтаныш!», «Фоторобот жасау» шеберлік сыныбы, ағылшын тілі клубының отырысы, «Қаржылық сауаттылық»  интеллектуалды ойыны сындыинтерактивті іс-шараларға қатысты.  Ең белсенді қатысушыларға кәдесыйлар берілді.