Ашық сабақ “Қазақстан – халықаралық құқықтың субьектісі”
Заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы з.ғ.м. Ибраева Айжан Орынбаевна Халықаралық бұқаралық құқығы пәнінен Юк-17-01 және Юк-17-02 топтары арасында “Қазақстан – халықаралық құқықтың субьектісі” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты студенттерге Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастыққа ене отырып өзінің халықаралық құқық субьектілігін жүзеге асыруы және дамыту жолдарын талдау табылды. Топ студенттері сабаққа белсенді түрде қатысып,баяндамалар жасады,сонымен қатар өз көзқарастарын талқыға салды. Ашық сабаққа қатысқан кафедра оқытушылары сабақты қорытындылай отырып оң бағаларын берді.